03.12.2014
«Былтыр бізде рекордтық көрсеткіш болды (81,7 млн мұнай өндірілді), биыл сәл төмен келеміз - 98,7%, яғни 1%-дай шамасында төмен. Оған себеп жыл сайын 82 мың тонна мұнай өндіріп отырған негізгі өндіруші - «Теңізшевройлдың» жыл сайын құрал-жабдықтарына жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Ол жұмысты 25-30 күнге тоқтатады. Биыл дәстүрлі жөндеу жұмыстарымен қатар, газ шикізатын айдау зауытына қосымша жөндеу жұмыстары жоспарланды. Осылайша биыл 30 күннің орнына жөндеу жұмыстарын 75 күнде жасау қарастырылған»,- деп түсіндірді вице - министр.
Биыл былтырғы деңгейге қол жеткізу мүмкін емес, деп мәлімдеді Ұ.Қарабалин. «Кемшіліктің орнын толтыра алмаймыз, себебі осы кен орнындағы мұнай өндіру жұмыстарының күнделікті тоқтап қалуы жалпы жұмысқа әсер етіп отыр. Сонда да мұнай өндіру көлемі жоғары деңгейде қала береді. Ел ішіндегі мұнай өндіруші зауыттар жалпы көлемді қамтамасыз етумен қатар, экспорт бөлігін де қамтуға мүмкіндік беріп отыр»,- деп атап өтті ол.
Еске салсақ, бұған дейін салалық ведомство 2014 жылы 83 млн тонна мұнай және 41 млрд текше метр газ өніру жоспарланып жатқанын айтқан болатын. Болжам бойынша 2020 жылдан кейін Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі шамамен тәулігіне 2 млн баррелді құрайтын болады.
Камила Амирова