26.11.2014
2014 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық округтарды газбен қамту 28% құрайды және ауыл халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету 81% көрсетеді.
Бұдан басқа аумақты дамыту бағдарламасы бойынша 26 елді мекенді газбен қамтамасыз ету үшін жобалқы сметалық құжатнама мен техникалық экономикалық негіздеме жасақталуда. Оларды қаржыланыру 2016-2018 жылдар аралығында жүргізіледі.
«Бүгінде «Қазтрансгаз» АҚ 20 млрд теңгеге ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою соңына таяп қалды, оның аясында 48 ауыл немесе 36 мың халық көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2017 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысы халқының 90%-ы көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.