21.11.2014
Н.Радостовец, Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану туралы заңнамалық актілеріне өзгертулер мен қосымша енгізу туралы» Заң жобасын аяқтау бойынша жұмыстар соңына таяп қалды, деп хабарлады.
«Өткен жолы біз қазба байлықтарын пайдалану туралы кодекстің қажеттілігі туралы айтқан болатынбыз. Келесі жылы кодекс аяқталуы тиіс. Құжатта жер қойнауын пайдалану жұмыстарының барлық кезеңдерін жан-жақты жазу жоспарлануда»,- деді Н.Радостовец.
Қазақстан Үкіметі мен Инвестиция және даму министрлігі тау-металлургия саласын дамытуға қолдау көрсетеді.
Алайда Н.Радостовецтің айтуынша, бүгінгі таңда нарықтың конъюктурасы өте жақсы деңгейде емес. Нақтырақ айтар болсақ, төрт жылда мыс пен алтынның бағасы ең төменгі деңгейде сақталып отыр.
Камила Амирова