• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Жасыл квартал» жүйесі су мен электр энергиясын тұтыну көлемін 20 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді – Палымбетов 18.11.2014

«Жасыл орам» әлемдегі ең ірі археологиялық компания британдық AEDAS компаниясының дайындаған «Жасыл орам» архитектуралық тұжырымдамасының алдыңғы қатарлы технологияларының қолданылуымен жалынатын тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар кешені. Ол нысандарда су мен электр энергиясын тұтыну көлемін 20 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы жүйе орнатылады», - дейді Б.Палымбетов.

Сонымен қатар, «Жасыл орам» ғимараттары LEED жасыл құрылыс халықаралық стандарттарымен сертификатталады. Әр ғимарат өзінің экологиялық төлқұжатына ие болмақ. Өз кезегінде «Самұрық-Қазына» қоры жасыл орам құрылысы арқылы құрылыс саласында жаңа халықаралық стандарттарға өту туралы жеке меншік құрылыс компаниялары мен инвесторларға серпін беруді көздейді.

«Біздің құрылыс мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке негізделген. Әріптестеріміз «BI-group» жеке меншік компаниясы. 2013 жылы жоспар кестесіне сай жер жұмыстары дайындалып, геологиялық бақылау жүргізілді. Уақытша жол мен ғимараттар құрылысы жүріп жатыр», - дейді Б.Палымбетов.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары 2015 жылдың бірінші маусымында басталып, 2017 жылы аяқталмақ.

Индира Қауметова

 

 


Back to the list