13.11.2014
«Биыл мемлекеттік бағдарлама аясында студенттік жасақтар мен «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарында жергілікті жастардың 2,5 мың өкілі еңбек етті. Олардың ішінде 1200 адам облыс орталығында, қалғандары облыстың 12 ауданында жұмыс істеді. Еңбекке тартылған жастардың арасында жоғары және орташа арнайы оқу мекемелерінің студенттері ғана емес, жұмыссыз жүрген ауыл жастары да болды», - делінген хабарламада.
Ағымдағы еңбек маусымының қорытындылары бойынша жұмыста ерекшеленген белсенді жастарға Астана қаласына жолдамалар мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Бұдан басқа «Жасыл ел» бағдарламасына белсенді қатысқан облыстың үздік аудандары, жоғары және орташа арнайы оқу мекемелері, жұмыс берушілер мен жасақ командирлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылып, елдегі жас азаматтардың жас буынының экологиялық тәрбиесіне бағытталған бағдарламаның аймақта іске асырылып отырғанына оныншы жыл болды.
Осы уақыт ішінде құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының қатарында 50 мыңнан астам жас азаматтар болды.