• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Германия «жасыл технология» саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады 05.11.2014

«Іс-шараның басты мақсаты ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Болашақтың энергиясы» және оның қосалқы тақырыбы «Энерготиімді өмір салты» сараланып, энергиятиімділік және өндірістік көрсеткіштерді табысты ету үшін энергияны пайдаланудағы сапаны жақсарту мәселелері талқыланды», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Өз сөздерінде қазақстандық баяндамашылар конференция тақырыбының өзектілігін ескеріп, энергия көзінің дәстүрлі бастауларының азайып бара жатқанын және қайта толығуына қабілетсіздігін тілге тиек етті. Ғаламдық экологиялық айбат әлемді таза технологиялар мен тұрақты және ұзақ мерзімді энергиямен қамтамасыз етудің шешімін табу және даму болашағын ойлауға шындап мәжбүрлейді. ЭКСПО-2017 энергияның жаңартылмалы және альтернативті бастауларындағы адамзат табысының демонстрациясы алаңына айналмақ.

Өз кезегінде неміс тарапы Қазақстанды ең ірі халықаралық іс-шараларды табысты өткізуден тәжірибе жинақтаған және аймақтағы алдыңғы қатарлы басты ел ретінде көрсеткенін атап өтті. Осыған орай ГФР-ң ғылыми және іскер ауқымдары Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде «жасыл технология» шеңберінде ынтымақтастықты дамытуға даярлықтарын білдірді.

Аталмыш  іс-шара барысында тараптар өзара әрекеттестіктің одан арғы қадамдарын жоспарлап,  қалалық жоспарлауды («жасыл» бастамаларды) адамның тіршілік әрекетіндегі дамуының инновациялық шешімдерін, энергиятиімді әрленімін талқылады. 

 


Back to the list