01.11.2014
Форумның басты мақсаты - «ЕХРО-2017» арнайы мамандандырылған халықаралық көрмесіне стратегиялық қрамды жасатау және «Бошалақ энергиясы» тақырыбы бойынша тұрақты ауқымды диалог ашу.
Бошалақ энергиясы 2014 форумында 500-ден астам сарапшы CO2 парникті газдарының әлемдік қалдықтарымен және қысқа мерзімді және орташа мерзімді келешектегі олардың салдарымен байланысты өзекті мәселелерді талқылайды.
Шараға қатысушыларға халықаралық бағдарламалардың үздік тәжірибелері мен БҰҰ-ның «Баршаға ортақ тұрақты энергия» бастамасы таныстырылады.
Сондай-ақ, форум шеңберінде ««Жасыл көпір»: болашағы мен құралы перспективы и инструменты» серіктестік бағдарламасы» панельді сессиясы өтеді. Бағдарлама Еуропа мен Азия елдерінің аталмыш саладағы байланысын жетекші институттармен және жеке сектордың көмегімен нығайтуға негізделген. Ал, сарапшылар отырысында, 24 қазанда «Жасыл көпір» және «Жасыл көпір» серктестік бағдарламасы қауымдастығын дайындау бойынша жоба құжаттары таныстырылады.
Бұдан басқа, форум барысында үкіметтік, компаниялардың, ғылыми және экономикалық ұйымдарды, жаңа энергетика моделін құру бойынша түрлі бизнес-құрылымдардың ұсыныстарынан «Құндылықтар мен ұстанымдардың манифесті» жобасын жасақтау жоспарлануда.
Камила Амирова