• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қарағандыда мемлекеттік орман қоры 91 га құрайды – әкімдік 02.11.2014

Атқарылып жатқан жұмыстар жайында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Шагурашид Мамалинов баян етті. Өз баяндамасында ол, 2014 жылғы орман отырғызу 2011 жылға қарағанда 2,4 пайызға артқанын баяндады.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік орман қоры 91957 гектарды алып отыр.Биылғы жылда 240 га орман отырғызылған. 2015-16 жылдарға орман отырғызу үшін 935 га жер бөлінген. Бұрын отырғызылған ағаштарды қайта қалыпқа келтіру үшін 2015-2020 жылдарға арналған арнайы жоба жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік орман қоры арнайы орман сақшыларының қорғауында. Олардың жалпы саны 175 адам. Орман өртінен сақтану мақсатында 6 өрт сөндіру станциялары бар.

Барлық сақтандыру жұмыстарына қарамастан мемлекеттік орман қорында 17 оқиға орын алып 17 га орманды өрт құшқан. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9 га-ға аз.

 


Back to the list