02.11.2014
Шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, қоғамдық, жастар ұйымдары ПИК-тер, студенттер қатысты.
Алматының барлық аудандарында тазалық шаралары өтті, жалпы сенбілікке 165-тен астам алматылық қатысты.
«Алматы әкімдігі сенбілікке қатысушылардың барлығын қажетті заттармен қамтамасыз етті. Сол күні қоқысты сыртқа алып шығуға 983 арнайы техника бірлігі қатысты. Сенбілікте 70 км арықтар, 35 км өзен жағалаулары тазарып, сыртқа 3 мың текше метр қоқыс шығарылды», - делінген хабарламада.
Мегаполис басшысы айтып өткендей, Алматыда соңғы жылдары жасылдандыру қорына үлкен мән берілуде.
«Соңғы үш жыл ішінде қалада 100 мыңнан астам ағаш отырғызылды, тағы да 30 мың ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Гүлзарлар көлемі 200 мың текше метрге артты. Біздің міндетіміз - жасыл қорды сақтап қалу ғана емес, оны одан әрі дамыту», - деді Ахметжан Есімов.
Соңғы жылдары 39 мың апатты ағаштарды жоюға мән берілуде, қазірдің өзінде олардың 37 мыңы алынып тасталды. 94 мың ағаш санитарлық өңдеуден өтті.
Мегаполисті гүлмен көмкеруде Оңтүстік Корея фирмасы тартылды.Бұл күні қаланың сыртқы келбетіне де мән берілді