13.10.2014
«Жыл басынан бері кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер күшімен 151,0 мың ағаш, оның ішінде күзгі сенбілікте 33,3 мың ағаш, 18,4 мың бұта, оның ішінде күзгі сенбілікте 7,2 мың бұта отырғызылды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сенбілікте жалпы ауданы 281,5 мың шаршы метр болатын 308 ескерткіш аумағы тазартылды.Жыл басынан бері облыс бойынша барлық елді мекендер аумағынан 307,7 мың тонна қоқыс және тұрмыстық қалдықтар шығарылған. Оның ішінде күзгі сенбіліктерде 35,3 мың тонна қоқыс сыртқа шығарылды.
Сенбілікке мемлекеттік мекемелер, ұйымдар қызметкерлері, тұрғын үйлерге қызмет көрсететін (КСК, ЖШС, ЖК, тұрғын үй комитеттері) жұмысшылары, сонымен қатар ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес қызметкерлері 100 жас шырша отырғызды. Осы шараға аймақ басшысы Қанат Бозымбаев та қатысты.Жалпы, облыстың энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының есептеуі бойынша сенбілікке 4417 шаруашылық субъектілері, 113,4 мың адам тартылған.