15.09.2014
Форумды ұйымдастырушылар «Тұрақты даму» жер қоры, Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік платформасы.
Форум мақсаты – жастарды өңірлік аймақтың дамуына үлес қосуға шақыру, «жасыл экономика» бастамасы бойынша жұмыспен қамтуды, табысты және таза қоршаған ортаны қамтамасыз ету.
Форум тиімді жобаларды таныстыруға мүмкіндік береді. Бұл инвесторлармен одан әрі жұмыс істеудің негізі.
Шараға қатысушылар – жастар ұйымы, белсенділер, ҮЕҰ, ғалымдар, жергілікті бірлестік пен халық, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар мен жеке компаниялар.
«Жастардың экологиялық мәдениетін тәрбилеу халықтың экологиялық жауапкершілігінің қалыптасуымен тікелей байланысты. Қоршаған ортаның жағдайы Қазақстанда да оның сыртында да өте маңызды рөл атқарады. Алайда, оның жағдайы әлі де алаңдатады. Бұл жастардың аталмыш саладағы ағартушылығын қажет етеді», - деді «Тұрақты даму» Жер қорының төрағасы Валентина Ободовская.