• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтауда Каспий маңы ауданында туризмді дамыту мәселелері талқыланды 05.09.2014

Диалог алаңы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын, салалық ведомство мен мемлекеттік органдар өкілдерінің, туризм саласының сарапшылары мен ғылыми-зерттеу институттары мамандары мен өзгеде мүдделі тараптардың басын қосты.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, форумның шымылдығын «Маңғыстаудың кәдесыйлары» атты қолөнер туындыралының көрмесі ашты. Бұдан басқа қатысушылар  Қазақстан, Франция мен Нидерланды шеберлерінің бірлескен жобаларымен «Параллели странствий» халықаралық көрмесінде танысуға мүмкіндік алды.

Екі күнге созылатын форум аясында қатысушылар ішкі, сыртқы және балалар туризміне мемлекетпен қоғамның қаншалықты көмек көрсетіп келе жатқанын, оларды одан ары дамытудың тың тетіктерін қарастырады. Оның ішінде Каспий маңы ауданында туризмді дамыту мәселелері жіті қаралатын болады.


Back to the list