• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
17 ел өкілдері ШҚО-дағы марал өсірушілер конгресіне қатысады 31.08.2014

30 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында шет елдік марал өсірушілер үшін арнайы бағдарлама дайындалды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Әр елдің сарапшылары бірқатар пленарлы отырыстарға қатысып, марал шаруашылығының бүгіні мен ертеңіне қатысты пікір алмасып, өздерінің тәжірибелерін ортаға салады және Қазақстан, Қытай мен Ресейдің марал шаруашылығы өнімдерінің көрмесін тамашалап, өңірдегі марал шаруашылықтарын аралайды.

Пленарлы отырыс барысында Қазақстан, Ресей, Жаңа Зеландия мен Канаданың мамандары баяндама оқып, Швеция, Мексика, Қытай, Украина мен өзге де елдердің өкілдері өзара диалог құрып, пікірталастарға қатыспақ.

«Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен кісі денсаулығына, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын арттыруға ерекше мән берілуде. Біздің «жасыл экономикаға» байланысты барлық ұйымдастырған шараларымыз осы мақсатты негіз етеді. Алғаш рет Қазақстанда облыстық бюджеттен марал шаруашылығына субсидия бөлініп отыр», - дейді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. 


Back to the list