25.07.2014
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың тамыз айында «Ембімұнайгаз» АҚ-да С.Балғымбаев кен орнындағы газды пайдалану құрылғысының құрылысы аяқталған еді.
Хабарламада айтылғандай, қайта өңделген газдың бір бөлігі өзіндік қажеттіліктерге пайдаланылмақ. Қалған бөлігі мемлекеттің қойған бағасы бойынша ішкі нарыққа шығарылады.
2014 жылдың маусым айынан бастап кен орнындағы газды пайдалану құрылғысы сынақ режимінде жұмыс істеуде. Нысанның жұмыс қызметі кезеңі мен ақырғы жіберу 2014 жылдың төртінші тоқсанына бекітілген.
Компанияның хабарлауынша, жылына 20 млн текше метр қуаттылыққа ие құрылғы экологиялық заңнама талаптарына сай тазартылмаған газды жағуды тоқтатуға мүмкіндік береді. Газды пайдалану құрылғысының құрылысына 1,4 млрд теңге инвестиция салынды.