23.07.2014
«Құжаттың басты ерекшеліктерінің бірі өңдеуші кәсіпкерліктердің қызметін ынталандыратын «жасыл» сатып алуды енгізу болып табылады. Мысалға, бұл негізінен өткелдер мен жолдар құрылысына қатысты. Қазіргі таңда жылуизоляциялаушы материалдар көптеп шығарылуда», - дейді ҚР ҚОСРМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Айдар Махамбет.
Оның айтуынша, батыс елдерінде өңдеуші кәсіпкерліктердің қызметін ынталандыратын «жасыл» сертификаттау жүйесі енгізілген. Айта кету керек, Қазақстанда қазіргі таңда «CT-KZ» сертификаты бар.
«Жоспар бойынша «жасыл» сертификат беру жобасы алдағы уақытта кәсіпкерлікті ынталандыруда пайдаланылмақ. Олар шартты жеңілдіктер алып, мұндай кәсіпкерліктерге қарсы ерекше режим пайдаланылады», - дейді ол.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 9 маусымындағы №634 Қаулысындағы ҚТҚ басқару саласын жетілдіру мақсатында 2014-2050 жылдарға арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы қабылданды. Қазіргі таңда Қазақстандағы жинақталған ҚТҚ жалпы көлемі шамамен 100 млн тоннаны құрайды.
«Біріншіден, мынадай мақсат қойылып отыр: 10 пайыздық деңгейден бастап 2020 жылға қарай биолоиялық қалдықтарды жинау үлесін 2050 жылға дейін 80 пайызға жеткізу көзделген. Екіншіден, қалдықтардан «жасыл» энергия өндіру көлемін арттыру көрсеткіші», - дейді.
Бағдарламаның іске асырылуы ҚТҚ пайдалану саласындағы көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, екінші деңгейдегі материалдық ресурстарды жинау мен өңдеу сапасын жақсартады.
Камила Амирова