20.07.2014
«Саябақтар шеруі» көптеген мемлекеттерде жыл сайын өткізіледі. Аталмыш шара Астанада 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл оған «Жасыл ел» жасағының 30 мүшесі қатысады деп күтілуде.
Ұйымдастырушылар астаналықтарды шараға қатысуға шақырады. Өйткені, ортақ іс тұрғындардың басын қосып, қаланың тазалығы мен санитарлық жағдайындағы мәселелерге тартуға ықпал етеді.