• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда «Қазақстан-2014» қала құрылысы форумы өтеді 15.07.2014

Форум аясында ҚР-ның «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасын сәтті іске асыруы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мақсатында «жасыл» құрылыс бойынша үш күндік семинар-тренинг өтеді, деп хабарлайды ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі. Бұл ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бастамасы бойынша өткізіліп отырған екінші оқыту семинары.  

Семинардың мақсаты – «жасыл» экономикадағы әдістеме саласындағы отандық құрылыс компаниялары әлеуетін арттыру мен халықаралық BREЕAM және LEED «жасыл» стандарттарын оқыту.

Оқыту бағдарламасы құрылыс саласында «жасыл» қағиданы енгізу мәселесін қамтып, экологиялық білім артықшылықтары мен халықаралық BREЕAM (Ұлыбритания) және LEED (АҚШ) «жасыл» стандарттары талаптары мен басты критерийлерін, сонымен қатар өзге де стандарттармн бағалауды қамтиды.

Тренерлер ретіне BREЕAM және LEED сертификациялық бағалаушылары мен CBRE компаниясы сарапшылары шақырылды. 


Back to the list