10.07.2014
Шараға ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев, Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Сародж Кумар Джа және Халықаралық қаржы корпорациясының Орталық Азия елдері бойынша өңірлік менеджері Моазам Ахмед Меканмен «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ойнаров қатысты.
Шарада САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асырудың алғышарттары талқыланды. Дүниежүзілік банк өкілдері қаржы бөлуге дайын екендіктерін жеткізіп, ғасыр жобасынының екінші кезеңін жүзеге асыруға ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен меморандумға қол қойды.
Бүгінде Сыр өңірінің халықаралық ұйымдармен түрлі салаларда серіктестіктің мол тәжірибесі бар. Бастысы Арал теңізін қайта қалпына келтіру жобасынының жүзеге асуы.
«Жылдар бойы бүкіл әлем теңіздің тартылуына алаңдаса қазіргі кезде Қазақстанның Арал теңізінің солтүстік бөлігін құтқару жобасын жүзеге асырғанын таңдана айтуда. Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асқан бірегей жоба «ғасыр жобасы» ретінде танылды», - деді облыс әкімі.
Дүниежүзілік банктің қолдауымен САРАТС жобасының бірінші кезеңі жүзеге асты. Нәтижесінде теңіздегі су деңгейін 38 метрден 42 метрге дейін көтеруге, теңізді аудан орталығына 53 шақырымға жақындатуға, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға, өңірдегі көлдер жүйесін қайта қалпына келтіруге және жойылып кеткен ондаған балық түрлерін қайта пайда болуына мүмкіндік берді. Балық аулау деңгейі айтарлықтар ұлғайып, балық шаруашылығы дами бастады. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Қызылорда облысында құны 22,2 миллиард теңгені құрайтын САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру туралы ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев хабарлады.
Оның айтуынша, екінші кезең жүзеге асыру Арал өңірінің қоршаған орта жағдайын және әлеуметтік экономикалық дамуын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Дүниежүзілік банктің Орта Азия елдері бойынша өңірлік директоры Сародж Кумар Джа САРАТС жобасын екінші кезеңін қаржыландыруға дайын екендіктерін жеткізіп, тараптар жұмысына табыс тіледі.