08.07.2014
Ведомстваның хабарлауынша, 4 шілде күні Ақтөбе облысында облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аймақтық инспекция инспекторлары Ақтөбе облысында киіктерді қорғау бойынша рейдтік шараларды жүргізу барысында УАЗ көлігіндегі екі жергілікті тұрғынды тоқтатты.
«Жүргізілген тінту жұмыстарының нәтижесінде автокөліктен жаңа ғана сойылған киіктің қос мүйізі мен 12-інші калибрлы қару, 83 оқ-дәрі, пышақ пен дүрбі тапқан», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.