30.06.2014
Семинардың мақсаты – биоалуандықты сақтау, тауарлы балық шаруашылығы мен аквакультура дамыту саласындағы әлеуетті арттыру, деп ведомствода хабарлады.
Семинар аясында қатысушылар Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеу барысымен, Қазақстанда биоалуандықты сақтау және орнықты пайдалану тұжырымдамасы жобасымен, балық шаруашылығының тиімділігін бағалау индикаторларымен, аквакультура саласындағы халықаралық тәжірибе мен технологияларымен, Қазақстанда тауарлы балық шаруашылығы және аквакультура қолдау тетіктерімен танысатын болады.
Семинардың лекторлары ретінде ҚР Статистика агенттігі, «Қазақ балық шаруашылығы» балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, «КазАгроинновация» АҚ агроөнеркәсіптік кешенінде экономикалық саясат талдау орталығы өкілдері, БҰҰДБ биоалуандық бойынша жобасының, ЕҚДБ сарапшылары және басқалар шақырылады.