• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Халықаралық сенбілікке 130 мыңға жуық адам қатысты 05.06.2014

Қазақстан өңірлерінде сенбілікке 130 мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ, ЖОО студенттері еңбек етті, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде хабарлады.

Астанада экологиялық акцияға 600-ден астам адам қатысты. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, «Астана орманы» және «Полигон» ЖШС, сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мен студенттер қалалық қалдықтар полигонына іргелес орман аумағын қоқыстан тазартуға атсалысты.

 

 


Back to the list