• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚОСРМ, МГМ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ынтымақтастық меморандумын бекітті 05.06.2014

«Өзенмұнайгаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) өзінің келісімшарттық аумағында орналастырылған 1 288 355 м3 қалдықтарын кәдеге жарату мен өңдеуді, сондай-ақ, аталған аумақтағы мұнай өндірісі өнімдерімен ластанған 252 850 м3 жерді қалпына келтіру шараларын жүргізу арқылы компания қызметінің қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайтады, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде хабарлады.

ҚР ҚОСРМ экологиялық заңнама талаптарының сақталуын бақылап, қоршаған ортаға тиетін теріс

әсерді азайту жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу барысын үйлестіреді, сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» компаниясы тарапынан жоспарланған табиғатты қорғау шараларының толық орындалуын қадағалайды.

ҚР МГМ жер қойнауын тиімді пайдалану саласындағы үздік технологияларды, оның ішінде қалдықтарды өңдеу технологияларын сатып алуға және жер құнарлығын қалпына келтіру технологияларын енгізуге қолғабыс тигізеді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ экологиялық талаптардың, қолданыстағы стандарттардың, техникалық талаптардың және қоршаған ортаның сапалық нормативтерінің бұлжымай орындалуын, жүргізілетін іс-шаралардың қаржыландырылуын (жалпы құны 15 миллиард теңгеге дейін), Өзенмұнайгаз» АҚ тарапынан Іс-шаралар жоспарының орындалуы мен тоқсан сайын есеп берілуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өз қаржысы есебінен қалдықтарды өңдеу және  жер құнарлығын қалпына келтірудің озық әдістері мен технологияларын тарту, сатып алу және  енгізуді, сондай-ақ, кен орындарындағы өндіріс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып, экологиялық жобалардың дер кезінде іске асырылуын қамтамасыз етеді.   

Меморандум аясында жоспарланып отырған іс-шаралар мен жобалар 2014 және 2021 жылдар аралығында жүргізілмек.

 


Back to the list