• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ертең елордада «жасыл белдеу» аумағын тазарту экологиялық акциясы  өтеді 04.06.2014

Ұйымдастырушылар шараға 600 астам адам қатысады деп жоспарлап отыр. Соның ішінде ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Астана қаласы бойынша Экология департаментінің қызметкерлері, «Астана орманы» және «Астана Эко-Полигон НС» ЖШС коммуналдық кәсіпорындарының, «PosadiDerevoKZ» республикалық қоғамдық бірлестіктің өкілдері, сонымен қатар ҚР Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, белсенді студенттер мен еріктілер қатысады, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Алаш тас жолының бойындағы аумақта заңсыз тасталған қоқыс орындары тазартылып, жойылады. Ұйымдастырушылар барлық астаналықтарды қалыс қалмай, қаламызды жинауға бағытталған акцияға қатысуға шақырады.

Айта кетейік, 1972 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 5 маусымды Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп белгілеп, бәрін қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға бағытталған шараларды өткізуге шақырды.


Back to the list