04.06.2014
Кездесу барысында қоршаған орта, бірлесіп экологиялық проблемаларды шешу және «жасыл» технологиялардың трансферті салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды.
Тараптар қазақстандық-венгриялық экономикалық ынтымақтастық шеңберінде табиғатты қорғау саласында жүргізіліп жатқан өзара әрекеттесудің жоғары әлеуетін атап өтті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Келіссөздердің қорытындысында Н. Қаппаров пен Ш. Фазекаш «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы Хартиясына қол қою рәсіміне қатысты. Венгрия «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының қатысушылары қатарына қосылған 11-ші мемлекет.