• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда туристік салаға қатысты карта жасақталады 23.05.2014

Астана экономикалық форумы аясында ҚР ИЖТМ индустрия және туризм комитетінің төрағасы Марат Иғалиев  пен «Парасат» ҰҒТХ география институтының директоры Медеу Ахметқали туристік салада ынтымақтастыққа келді.

Медеу Ахметқали бүгін Астанада институт филиалының ашылу рәсімі өтетіндігін атап өтті.

Филиалдың құрылуы қаржы шығынын қысқартуға мүмкіндік береді, деп ҚР ИЖТМ индустрия және туризм комитетінде хабарлады.

Институт жақын арада Астана агломерациясының тұрақты дамуына бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ. Аталмыш шаралар «ЭСПО-2017» көрмесін өткізу алдында жүзеге асады. 


Back to the list