21.05.2014
«Бүгін VII АЭФ аясында Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі ЕО делегациясының Қазақстандағы әріптестерінің қолдауымен «Жасыл Академия» ғылыми-оқыту орталығымен бірлесе отырып «SmartGreenBusinessForum» панельді сессиясын өткізді. Сессия барысында Мемлекет басшысының бастамасы «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасын ілгерілету, нарықтық жеңілдету механизмдері мен климаттың өзгеруі мәселелерін талқылады», - дейді Б.Есекина.
Оның айтуынша, шарада «жасыл экономика» үшін білім трансферті бағыттары мен механизмдері, «жасыл» бизнеске инвестиция тарту, орман секторындағы кәсіпкерлікті дамыту мен таза су қолжетімділігіндегі бизнес шешімі туралы әңгіме өрбіді.
«Форум аясында біз Еуроодақ, АҚШ, Оңтүстік Корея, РФ мен ТМД-ның өзге елдерінен сарапшылар шақырттық. Сессия қорытындысымен VII АЭФ қатысушы мемлекеттерінің үкіметі мен қауымдастығына «жасыл стратегияны» дамыту, VII АЭФ қатысушы мемлекеттерді қолдау шараларын дайындау, ұлттық және өңірлік деңгейде «жасыл» бизнесті дамыту стратегиясы ұсынылды», - дейді сарапшы.
Камила Амирова