14.05.2014
«Экологиялық бизнес жобалар байқауы бағдарламада «Шеврон» компаниясының құрылған күнінен бергі қозғап келе жатқан құндылықтары үйлесім тапқан. Ол дегеніңіз қоршаған ортаны қорғау мен кәсіпкерлікті жауапкершілікпен жүргізу және адам ресурсын дамыту мәселелері. Біз байқаудың Қазақстан бойынша кеңінен тарағанына қуаныштымыз. 8 жыл ішінде байқауға қатысу үшін 1000-нан астам жұмыс келіп түсті. Соның әрбір оныншы қатысушысы компания тарапынан қолдау тапты», - деді ол.
Оның айтуынша, статистика бойынша байқау қатысушыларының 35%-ы грантты аяқтағаннан кейін де жұмыс істеулерін жалғастыруда.
«Менің пікірімше, бұл өте үлкен жетістік. Олардың жұмыстарын кейіннен жергілікті әкімдіктер, қоғамдық мемлекеттік ұйымдар мен жекелеген демеушілер қолдайды», - дейді ол.
Айта кетейік, бүгін Астанада «Экология бойынша балалардың жобалары» атты байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Үздік жобалардың көрме-жәрмеңкесі өтуде.
Байқауа елдің түкпір-түкпірінен 200 шақты бүлдіршіннің еңбегі келіп түсті. Солардың 13-і өз идеяларын іске асыру үшін жалпы көлемі 1 800 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Алдағы уақытта олар іске кірісіп кетпек.
Мадина Нұрбекова