14.05.2014
Биылғы байқау 5 маусымда аталып өтетін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырып өткізілуде. Оның мақсаты оқушыларды экология мәселесіне деген қызығушылықтарын ояту, табиғи ресурстарды орынды пайдалануға бейімдеу, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, көкейкесті экологиялық мәселелерді шешу жолдарын үйрету.
Жас қазақстандық толқынмен жасалатын жұмыстың бұл бағыты Қазақстанның ұзақмерзімді «Жасыл экономика» тұжырымдамасын іске асыруға да үлесін қоспақ.
«Бүгінгі таңда адамзаттың болашағы біздің қазіргі ерік-жігеріміз бен қоршаған ортаға деген қамқорлығымыздың деңгейімен байанысты екенін көріп отырмыз. Осыны ескере отырып «Шеврон» компаниясы экологиялық сауаттылық пен жастар мен балаларда өмірлік маңызы бар қабілеттерді арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істей отырып біз экология саласында көптеген жобалар мен шығармашылық бастамаларға қолдау көрсеттік», - дейді компанияның жұртшылықпен және үкіметпен байланыс департаментінің директоры Еркін Зікібаев.
Байқауа елдің түкпір-түкпірінен 200 шақты бүлдіршіннің еңбегі келіп түсті. Астана мен Алматы және 14 облыстан 25 жоба дипломмен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Солардың 13-і өз идеяларын іске асыру үшін жалпы көлемі 1 800 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Алдағы уақытта олар іске кірісіп кетпек.
Айта кету керек, баспасөз конференциясының ұйымдастырушылары ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрліктерінің қолдауымен «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры болып табылады.
Мадина Нұрбекова
Фото- Азамат Алиев