13.05.2014
Есеп тобы 230 сағат бойы ұшудың нәтижесінде бөкендердің кеңінен тараған 3 түрі бойынша олардың Қазақстанда көп орналасқан барлық аймақтарын аралып шықты. Дәлірек айтатын болсақ, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары.
Айта кетерлік жайт, ҚБСА мұндай мәртебелі құрметке «ҚР-дағы ақбөкендердің есебіне мониториг жүргізу» бойынша өткізілген тендірдің арқасында ие болған. Жалпы тендерді ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті өткізді.
Бұл есептің өзгешелігі есеп жүргізу аумағы 2 шақырымнан 1,2 шақырымға дейін қысқартылуында. Яғни, ұшақтан тасада қалған ақбөкендерді есепке алмау қаупі төмендеді.
Негізі есептің дәл жүргізілуі үшін авиациялық және ұстап жүретін навигаторлар, фотоқұралдар сынды заманауи технологиялар пайдаланылды, деп ҰЕҰ хабарлады.
Қазіргі таңда ҚБСА мамандары жанақтаған барлық мәліметтерді сараптамадан өткізуде. Зерттеу нәтижесі мамыр айының соңына қарай жарияланады. Ал, өткен жылғы санақ бойынша ақбөкендердың саны 185 мыңға жеткен.