• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақкөл қаласында маусым айында «Өркендеу» жобасы іске қосылады 06.05.2014

««Өркендеу» жобасы 2014-2020 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасын қолдау ретінде жүзеге асады. Бұл қала бекерден таңдалмады, бұл Астана агломерациясының ең қолайлы және жасыл аймақтарының бірі. Бұл қаланың экологиялық проблемаларын шешу қоршаған ортаны жақсартуға және  тұрғындар денсаулығын арттыруға өз септігін тигізеді», - деп қоғамдық ұйымда хабарлады.

Жобаның стратегиялық мақсаты – жергілікті қауымдастықтарды дамыту, ақпарат алмасу, адамдардың мүмкіндіктерін кеңейту мен ресурстарды мобилизациялауды ұйымдастырып, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мен қоршаған орта тазалығын сақтай отырып күн тәртібіндегі өзге де мәселелерді шешу.

Қала мен аудан әкімдіктерінің  өкілдері, табиғи ресурс басқармалары, кәсіпкерліктер, мектеп пен тиісті жергілікті мекемелер өкілдіктерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды  жоспарлауда. 


Back to the list