04.05.2014
«Қазақстан БҰҰ комиссиясымен түрлі салада ынтымақтастық орнатқан. Атап айтсақ, АТМЭӘК бағдарламасының: қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстардды басқару, инвестициялық ынтымақтастық және сауданы дамыту мәселелеріне назар аударылған. ҚР министрлігі АТМЭӘК-мен етене байланыста және оның жыл сайынғы сессияларына тұрақты қатысып тұрады»,-деп Е.Досаев атап өтті.
Сондай-ақ ол, Қазақстанның АТМЭӘК-мен өзара іс-қимылының маңызды бағыттарының бірі СПЕКА (БҰҰ Орталық Азия эелдері экономикасына арналған арнайы бағдарламасы) бағдарламасын жүзеге асыру екенін айтты. Министр аталған бағдарламаның ҚР Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын және ортақ тарих пен географиялық жақындық байланыстыратын СПЕКА елдерімен ынтымақтасу үшін ірі жобаларды қолға алып жатқанын ескерте кетті.
«СПЕКА бағдарламасы Орталық Азия елдерімен экономикалық ынтымақтасты нығайтуда айрықша рөл атқарады. Және біз оған үлкен үміт артамыз»,-деді министр.
Өз кезегінде Шамшад Ахтар АТМЭӘК-ның да Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу ұстанымын қолдайтынын және ынтымақтастықты тереңдетуге ықыласты екенін жеткізді.