21.04.2014
«Министрлік қазір құрылыс ластықтарын жою зауыты құрылысының жобасын дайындауда. Аталмыш зауыт орталық немесе шығыс Қазақстанда салынуы мүмкін. Жобаны Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп жүзеге асыруы жоспарлап отырмыз. Бұл зауыттың пайдасы сонда, ол экологиялық қауіп төндіретін барлық қалдықтарды жоятын болады. Бірінші кезекте, бұл ірі өнірістік құрылғыларға, аккумуляторларға және энергетикалық өндіріс қалдықтарына бағытталады. Бұл зауыттан өте қауіпті қалдықтар мен электроника қлдықтарын да пайдалануға болады. Зауыт осынысымен елімізге пайда әкелмек», - дейді Н.Қаппаров.
Сонымен қатар ведомство басшысы елімізде екінші жарты жылдықта «жасыл» экономика туралы заң қабылданады.
«Онда өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі (ӨКЖ) енгізілді. Біздің жоспарлауымызша аталмыш заң заңды шеңберде жасалады. Біз бұл мақсатта қаржы бөлмейміз, осылайша оның жұмыс істеуіне ықпал етеміз. Ал, ӨКЖ аясында жұмыс істейтін өндірушілер мен импорттаушылар өздері осы қорға ақша салады, оның жұмысын қадағалайды, сонымен қатар аталмыш қаржыны қалдықтарды қайта кәдеге жарату үшін жұмсайды. Ал, мемлекет болса бұл жұмысқа араласпайды. Біз тек жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін заңды түрде барлық құқықтарды бекітуге көмектесетін боламыз. Инвесторлар мен бизнес өкілдері болса өздігімен өндірісті ретке келтіреді», - деп ол толықтырды.
Айта кетерлік жайт, бүгін Қазақстанда электронды қалдықтарды басқару бойынша жоба іске қосылды. Жобаны жүзеге асыруға ҚР Қоршаған орта және су ресуртстары министрлігінің қолдауымен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы ниет білдірді. Ал, қаржылай көмекті «Самсунг электроникс» компаниясы көрсетті.
Ведомстводан хабарлағандай, жоба Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу тұжырымдасынын жүзеге асыруға септігін тигізеді және Қазақстанда электронды қалдықтарды басқаруда алғашқы ұтымды қадам болмақ.