• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Баянауылда  жайылма суаруды қалпына келтіру жоспарлануда 16.01.2017

Болат Бақауов жұмыс сапарының шеңберінде аудан басшылығы және ақсақалдармен кездесті.

Аймақ басшысы жайылма алқаптарды қалыпқа келтіру арқылы екі бірдей мәселенің шешімін табуға болатынын айтты.

«Біріншіден, көктемгі қардың еруінен пайда болған суды алқаптарға жіберу арқылы жайылымдық жерлердің аумағы артады.Екіншіден, ауыл шаруашылығының дамуы жеделдей түседі», - деді ол.  

Облыс әкімі аудандағы су құрылыстары бойынша құжаттарды жинап, оларды 1-ші ақпанға дейін Су шаруашылығы комитетіне жолдауды тапсырды.

Жағдайды жақсарту үшін қой етін сатылымға шығарумен қатар, олардан алынатын тері мен жүнді де пайдаға жарату керек.Сондай-ақ, ауданда ет өңдеумен айналысатын кәсіпорын салу да аса өзекті мәселенің қатарында тұр.

 

 


Back to the list