• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан аумағындағы барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеуде - АШМ 20.10.2016

Бүгінгі таңда ел аумағында 309 су қоймасы бар, оның ішінде, 83 республикалық меншікте, 191 коммуналдық меншікте, 35 жеке меншікте.

«Қазсушар» РМК теңгерімінде 78 су қоймасы бар. Ал, қалған 5 сенімгерлік басқаруда.

Су ресурстары комитетінің бассейндік инспекциясы ірі су қоймаларының жұмыс режимінің күн сайынғы мониторингісін жүргізуде.

Пайдаланушы ұйымдармен әр су қоймасы үшін пайдалану қағидаларына сәйкес су қоймалары жұмыс режимінің кестесі әзірленуде және бассейндік инспекциялармен келісіледі. Су қоймаларын реттеу үрдісі жұмыс режимі кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

Су қоймаларын, ондағы су құбыры және су өткізу немесе су алу құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар су қоймасы әсер ететін аймақтарда тұратын су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылар мүддесі есебімен белгіленген су қоймаларды толтыру және су бұру режимін сақтауға міндетті.

Ел азаматтары мен экономика салалары үшін су қоймаларын қайта жаңарту жөніндегі іс-шаралардың стратегиялық маңыздылығын ескеріп, жыл сайын су қоймаларын қайта жаңарту және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге республикалық және жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлуді қарастыру қажет. Ол жалпы республиканың су нысандарының техникалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.  

Жалпылай алғанда, бүгінгі күні барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді және меншік иелерімен қажетті іс-шаралар өткізілуде.

 


Back to the list