• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысында 2020 жылға дейін балық ресурстарын өндіру көлемін 2,5 есе ұлғайту жоспарлануда 12.10.2016

Осы бағыттағы әрекеттерді үйлестіру үшін тиісті бағдарлама әзірленген, оның аясында 10 су қоймасы алғаш рет көл-тауар балық шаруашылығына (КТБШ) бекітілген: Алға, Қобда, Мәртөк аудандарында – 3-ден, Мұғалжар ауданында – 1, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Кейінгі жылдары 10 шарбақтық балық шаруашылығын (ШБШ) ұйымдастыру жоспарлануда. Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұл атап өткендей, егер табиғи су қоймаларындағы балық өнімділігі жуық шамамен 20кг/га құраса, КТБШ және ШБШ-да ол 500 және одан да көп кг/га жетуі мүмкін. 

«Балық – бұл қосымша табыс көзі, әсіресе су ресурстарымен қамтамасыз етілген Ырғыз немесе Қарғалы сияқты аудандар үшін. Бар ресурстарды барынша тиімділікпен пайдалану қажет», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Облыс аумағында балық шаруашылығын жүргізу үшін жарамды барлығы 74 су қоймасы бар. Олардың 50-і қазіргі уақытта табиғат пайдаланушыларға бекітілген, қалған су қоймаларын бекіту бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда. 


Back to the list