• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қарағанды облысында табиғи бұлақтарды қалпына келтіру халықты ауыз сумен қамтамасыз етеді (ФОТОРЕПОРТАЖ) 10.10.2016

Жобада үлкен антропогендік әсерге және климат құрғақшылығының артуына қарамастан, соңғы  25-30 жыл ішінде судың үстіңгі қабатқа шығу қабілетін сақтаған 10 бұлақ таңдалған.

«ЕО/БҰҰДБ/ҰҰ ЕЭК жобасы он бұлақты қалпына келтіруге 40 мың АҚШ долларына жуық мөлшерде грант бөлді.  Бүгінгі күні біз 3 бұлақты толықтай қалпына келтірдік. Ауыз сумен байланысты проблемалар барлық әлемде, соның ішінде Қазақстанда да орын алады. Бізде далалы жерлерде іске қосылған көптеген бұлақтарды мал басып тастаған, таза су батпаққа айналған, оны пайдалану мүмкін емес», - деді «Қарағанды облысы Шет ауданының шаруа қожалықтары қауымдастығының» президенті Тілеуқабыл Есембекұлы.

Т. Есембекұлы атап өткендей, он бұлақтың жетеуі ауыл тұрғындары үшін негізгі су көзі – «Баспалдақ» өзенін толтырады. Жоба бойынша қызмет бұлақтарды биіктігі 0,8-1,2 м бетон ерітіндісіндегі шойтастан жасалған қоршаумен абаттандыруды және бұлақ айнасын мал басып тастамауы үшін темірбетонды плиталармен жабуды көздейді.  

«Бұлаққа апаратын жол абаттандырылмаған еді. Жазда суға келу мүмкін болса, көктем және қыс мезгілдері келген уақытта ол қиынға соғатын. Біздің әкімдік жол мен кіреберіс жолдарды салуға көмектесті», -  деп атап өтті ол. 

 

Т. Есембекұлының айтуы бойынша, бұлақ үш камералы болып табылады. Біріншісі – бұл бұлақтың өзі, екіншісі – қыста су алуға болатын жинақтауыш және үшіншісі – малға арналған су ағатын, жинақтауыштан бұлақ айнасына дейінгі су құбыры.

«Осы «Жанқұтты би бұлағы» бұлағында үстіңгі қабатқа су көп шығады, егер дренаж жасай отырып, оны дұрыс пайдалансақ және бір арнаға бағыттасақ, екі пайда алуға болады: біріншісі – біз шалшықты құрғата алар едік және екіншісі – суды халық шаруашылығы үшін пайдаланар едік», - деп атап өтті ол.   

«Жанқұтты би бұлағы» табиғи бұлағы үстіңгі қабатқа секундына 8 литр сергітетін ылғал, ал көктемде 20 литрге дейін шығаратынын атап өту қажет. Осы бұлақ 500-ден астам адамды сумен қамтамасыз етеді», - деді ол.   

Осылайша, табиғи бұлақтарды жөндеу және қалпына келтіру есебінен құрғақ дала аймағының тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді арттыру жөніндегі жоба қорытындылары бойынша 3 бұлақ күрделі жөндеуден өткізілген және Ақсу-Аюлы ауылдық округінің 7 табиғи бұлағы абаттандырылған. 

Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мақсатында,            2015 жылы елімізде «Жасыл экономика моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК бірлескен жобасы басталғанын еске сала кетейік. Осы жоба Қазақстанның су ресурстарын тиімді басқару саласында «жасыл» экономиканың сәтті қағидаттарын енгізу және еуропалық одақтың «жасыл» технологиялар саласындағы тәжірибесін беру бойынша жәрдемдеседі. Жергілікті деңгейдегі практикаларды көрсету мақсатында, бірлескен жоба 600 000 Еуро жалпы сомасына грант бөлген. Сома «жасыл» экономика қағидаттарын қолдана отырып және мұндай жобалардың тұрақтылығы мен олардың артықшылықтарын көрсете отырып, практикалық жобаларды орындарында іске асыратын 14 ҮЕҰ арасында бөлінген болатын.

Индира Қауметова

Автордың суреті


Back to the list