• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысының оқушылары Еуропалық Комиссияға суды үнемдеу жобаларын таныстырды (Фото) 22.10.2014

Сапар барысында шетелдік қонақтар «Ақбота» ҚҚ су үнемдеу бойынша жаңа жобаларының жүзеге асуымен танысты. Оның волонтерлары мектеп оқушылары. Сондай-ақ, бірқатар су үнемдеу  технологиялары қарастырылды: білім беру мекемелерінде ауыз суды тазарту; мектеп асханасында күн суколлекторын орнату; жылыжайларда суармалы  жүйені орнату.

 Мектеп оқушылары өз жобаларын ағылшын тілінде таныстырды, оны тыңдаушылар мақұлдады.

«Сапар қорытындысында делегация мүшелері өз ұсыныстарын парақшаларға жазды. Ол «капсулаға» орналастырылды. Бұл капсула шара аясында ағаштың түбіне көмілді», - делінген хабарламада. 


Back to the list