• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда 2020 жылға қарай 20 жаңа су қоймасы салынады – АШМ 08.10.2014

«Су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы бойынша 20 жаңа су қоймасын салу жоспарланған, олар төтенше жағдайдан қорғап, ағын судың алдын алады. Гидротехникалық  құрылғылары бар өзендерде суағар дайындауға болады», - деді Б.Бекнияз.

Жаңа су қоймаларының құрылысы  нәтижесінде төтенше жағдай бойынша проблемалар туындамайтын болады.

Айта кетейік, су ресурстарын басқару бағдарламасы 2020 жылға дейін жоспарланған. Осы жылы су қоймасын салу жоспарда жоқ. 2014 жылы бірнеше ірі су құбырларының құрылысы жүреді.

«Трансшекаралық су ресурстарының жартысы Қазақстан аймағын айналып өтсе, тең жартысы республика аймағына енеді», - деді ол.

«Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы ауыз су тапшылығының мәселесі шешілмей тұр. Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлері су ресуртарымен толық қамтылған, алайда мәселе оның жеткізілуінде тұр. 2020 жылға қарсы Қазақстан халқын 100 пайыз ауыз сумен қамтылады», - деді Б.Бекнияз.

Камила Амирова


Back to the list