• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағанды облысында осы жылы 15 сумен жабдықтау нысанын құру жоспарланған –әкімдік 08.10.2014

Бұл жүйе ауыл-ауылдарға жетіп, 150 мың тұрғынды сапалы, таза сумен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ағымдағы жылда Ақтоғай, Жаңаарқа, Бұқар жырау, Ұлытау аудандары мен Қарағанды, Теміртау, Приозерск, Сәтпаев қалаларында орналаспақ 15 сумен жабдықтау нысанын құру жоспарланған. 

«Ауыл-аймақтардағы сумен жабдықтау обьектілері құрылыс жұмыстарын аяқтауға жақын. Қазан айында олар пайдалануға берілмек.

Осының нәтижесінде 2015 жылдың басында 224 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау нысандарымен қамтамасыз етіледі», - деді С.Касимов.

Бұл облысымыздағы ауыл аймақтардың – 53,5%, деді ол.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін 93 сумен жабдықтау жүйесі, 116 ауылда құбырларды қайта құру жоспарланған. 

Бағдарлама критериилеріне сәйкес келмейтін (адам санының аздығы, әлеуеті төмен) 110 ауыл жоспарға енбеген.

Жиын соңында аймақ басшысы нақты тапсырмалар берді.


Back to the list