• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жарқайың ауданының 18 елді мекені сапалы ауыз сумен қамтылды 07.10.2014

«2003 жылдан бері ауданда «Сапалы су» және «Ақ бұлақ» бағдарламалары іске асырылып келе жатыр. Ауданның 23 елді мекенінің бүгінгі таңда 18-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның 17-сі ауыл, біреуі қала», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігі.

Биыл республикалық бюджет есебінен 70,9 млн теңгеге Отрадное және Кен ауылдарын сумен қамту желілерін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 294,9 млн теңгені құрайды.  

Сонымен қатар, қала халқын үзіліссіз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Державинск қаласында ашық бұлақ суын тазалау тетіктерінің құрылғыларын орнату жұмыстары басталды.

Ауданның сумен қамту жүйелерін дамыту жобаларының басым бағыттарының бірі Шойындыкөл, Құмсуат, Баранкөл, Нахимова ауылдарындағы жүйелерді қалпына келтіру шаралары қаралып отыр. Осы мақсатта қазіргі таңда іздеу-барлау жұмыстары қолға алынған.

 


Back to the list