• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СҚО-да су нысандарын қолдану мәселесі талқыланды 28.09.2014

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, көлдердің электронды базасында өңірде 2328 көл тіркелген, соның 473-і тұзды көл болып табылады.

«Облыстың 384 су қоймасы балық шаруашылығына арналған. Соның 199-ы жеке кәсіпкерлерге жалға берілген. 2014 жылы балық шаруашылығындағы су қоймаларын жалға алушылар өз қаражаттары есебінен қарамағындағы көлдерге 56 түрлі балықты алып келді», - дейді табиғи ресурс пен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі Қабиден Сәдуақасов.

Жиында Ерік Сұлтанов 2015 жылы қаржыландыруға қол жеткізіп, су торабын қалпына келтіру үшін Шарық су қоймасының жобалау-сметалық құжаттарын тезірек дайындау қажеттілігін айтты.


Back to the list