• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
FAO  балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сараптамалық тұжырым  дайындайды 05.08.2014

«Кәсіби ғылыми-зерттеу институты ұсынған Кедендік одақ елдерінің салыстырмалы бағдарламалар талдауы FAO сарапшысымен бірігіп Қазақстанда балық шаруашылығын дамтыу бағдарламасында қолданылады деген үміттеміз. Біз FAO сарапшысына алғысымызды білдіреміз», - деді ҚОСРМ балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайырбек Мұсабаев.

Айта кетейік, жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуы нәтижесінде балық өсіруді дамыту есебінен 2020 жылы балық аулау көлемі 10 мың. тоннаға жетекізілмек.Қазақстанның табиғи су айдындарындағы кәсіпшілік нысандар санының азаюы жағдайында тауарлық балық өсіруді дамыту жолы балық аулау кәсібінің баламасы болмақ.

Құжатты дайындау ісіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың,  ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің өкілдері қатысты. (Бағдарлама жобасының мәтіні министрліктің www.eco.gov.kz сайтында орналастырылған).

Еліміздің барлық өңірлерінде балық шаруашылығы су айдындарын пайдаланушылардың, балық өсіру және балық өңдеу кәсіпорындарының, балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері өкілдері  қатысқан қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Бағдарлама жобасын талқылау барысында бірқатар ескертулер мен ұсыныстар енгізілді.

Қазіргі уақытта ел аймақтарында өткен қоғамдық тыңдаулардың қорытындысында енгізілген ұсыныстар талдаудан өткізіліп, мемлекеттік органдар тарапынан жасалған ескертулер  жинақталып жатыр.

Индира Кауметова 


Back to the list