• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Израиль су саласындағы ынтымақтастық  жөніндегі меморандумға қол қойды 10.07.2014

 «Мекорот» компаниясы консультациялық, ұйымдастырушылық және технологиялық қолдау көрсетеді.  Тараптар қазақстандықтарды су шаруашылығы саласындағы мамандықтарға және жаңашыл технологиялар мен тәсілдемелерге (ноу-хау) үйрету орталығын құруға ниетті, деп ҚР ҚОСРМ хабарлады.

Ынтымақтастық аясында бірлескен жұмыстар мен жобаларды талқылап, қарастыратын бір немесе бірнеше тұрақты топ құрылады, қажетті ақпарат пен идеялармен бөлісу жүргізіліп, техникалық курстар, семинарлар, конференциялар, бағдарламалар мен жарияланымдар ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар тараптардың аталған мәселелердегі артықшылықтарын пайдалану, тиімді және рентабельді жұмысты ілгерілету үшін технологияларды әзірлеуде, тестілеуде және маркетингін жүргізу мен коммерциализациялауда ынтымақтастық құруға қызығушылық білдірді.

«Mekorot National Water Company Ltd» Израильдің су саласындағы мемлекеттік компаниясы болып табылады. Компанияның сумен қамтамасыз ету жобаларын басқару, іске асыру, ноу-хауға және мүмкіндіктерге ие, су ресурстарын басқару, суды тазарту, атап айтқанда оны сүзу, тұщыландыру (теңіз және аз минералданған сулары), өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын сумен қамтамасыз ету жүйелерін құру, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, сарқынды суларды өңдеу және кәдеге жарату, сарқынды суларды қайта пайдалану, терең ұңғымаларды жобалау және оны пайдалану, жер асты суларын үлгілеу, климаттық жоспарлау, су объектілерінің қауіпсіздігін жіне ауыл шаруашылығы мен коммуналдық салалардағы су сапасының тиісті деңгейін қамтамасыз ету сияқты салалардағы тәжірибесі мол. 


Back to the list