23.06.2014
Семинар суды үнемдеу мен суды тұтынудың халықаралық тәжірибесі және технологияларымен танысу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының 2014–2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспары мен «жасыл» экономика жөніндегі заң жобасындағы су ресурстарын басқару бойынша ұсыныстар талқыланды, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Отандық компаниялар мен кәсіпорындардың тәжірибесімен таныстыру мақсатында «Астана су арнасы» МҚК-да көшпелі практикалық сабақ ұйымдастырылды.