• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өскеменде судың сапасы жақсарады 19.05.2014

«Өскемен-су құбыры» кәсіпорны инвестициялық бағдарлама аясында өз қаражаты есебінен сумен қамту нысандарын қалпына келтірді, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

Кәсіпорында 12 сорғы станциясы, Октябрь ауданында 1123 метр су құбыры жүйесі мен 1,5 мың кәріз коллекторы қалпына келтірілді. Тазарту нысандары жаңғыртылып, 10 мың метр кәріз жүйесі  жаңғыртылды.

«Сорғы станциясы қолданысқа 70-ші жылдардың соңында  берілген болатын. Тек 90-шы жылы ғана қайта жаңғыртылу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде біз құны 85 млн тұратын қондырғы орнаттық, ол электр энергиясының шығынын 25 пайызға қысқартты», - деді «Өскемен-су құбыры» кәсіпорны өнеркәсіптік- техникалық бөлімінің басшысы Наталья Лукерена.

Аталмыш құрылғылардың орнатылу есебінен электр энергиясының кетуі қысқарып, судың шығынын  19 пайызға қысқарды.


Back to the list