15.05.2014
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде хабарлағандай, жоспардың іс-шаралары Мемлекеттік бағдарламада көзделіп, су үнемдеуге, су ресурстарын қосымша ұлғайту және су объектілерін басқару жүйесін жетілдіруге бағыттылған бес мақсатты индикатор бойынша топтастырылды.
Жоспардағы іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2700 км-ден астам магистралды және бөліп тарату каналдары қайта жаңарту, жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізіліп, 29 жаңа су қоймасы салынатын болады.
Үнемі суарылатын 400 мың. га және лимандық тәсілмен суарылатын 100 мың га алқаптардағы гидромелиорациялық жүйелер жаңартылып, қайта жаңғыртылады.
Жоспар сектораралық негізде, бес орталық мемлекеттік органмен (ҚОСРМ, АШМ, ӨДМ, БҒМ, ИЖТМ), облыс әкімдіктерімен, шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылады. Онда белгіленген іс-шараларды жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысымен қатар Халықаралық қайта құру және даму банкінің қаржысы да тартылмақ.
Бұл құжат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.