• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Е. Нысанбаев: ҚР мен ҚХР 2016 жылы Іле мен Ертіс өзендерін қорғау туралы келісімге қол қояды 19.04.2014

«2011 жылдан бастап, қытайлықтармен бірігіп жұмыс жасаудамыз.  Іле мен Ертіс өзенінің трансшекаралық бағалау жобасын ағымдағы жылы аяқтадық. 2015-2016 жылдары біз аталмыш өзендерді қорғау және суды қолдану бойынша келісімге қол қоямыз» - деді Е. Нысанбаев.

Вице-министрдің айтуынша, Қытаймен трансшкеаралық өзендер бойынша ынтымақтастық қарым қатынас күшейе түскен.

«Бұл екі ел арасында трансшекаралық өзендерді қолдау мен қорғау бойынша жақсы көрсеткіш»,-деді ол.

Оған қоса, Е. Нысанбаев Қазақстанның  40% суы трансшекаралық өзендерден келіп отырғандығын айтты.

«Өткен жылы біз Қорғас өзенінде гидротүрткіні қолданысқа бердік. Бұл Іле өзенінің ең үлкен бөлігінің бірі. Ол қытайлықтармен бірігіп жасалған жұмыс. Ол жерде екі жақ үшін де автоматтандырылған жүйе мен бірыңғай бағдарлама жасалған. Біз бүгін оны қытайлықтармен елу де елуге бөліп жатырмыз»,-деді ол.

Оған қоса, оның айтуынша, осы сынды гидротүрткілер Алматы, Шығыс Қазақстан өзендерінің жағасында орнатылады. 


Back to the list