• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда су қоймаларының құрылысы мен егін шаруашылығын жаңғыртуға  1,5 трлн теңге бөлінді –Е. Нысанбаев 19.04.2014

«Оның iшiнде 5,4 трлн теңге республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнсе, қалған 2,8 трлн теңге бюджеттен тыс қаржыны құрамақ. 2014-2040 жылдар аралығында қаржыландырудың бағаланып отырған есептiк мөлшерi 8,2 трлн теңгенi құрайтынын атап өттi», - деді ол.

2020 жылға дейiн ресупбликалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру көлемдерi 1 трлн 400 млрд теңгеге жуық болмақ.

«Мемлекеттiк бағдарламада ұсынылған барлық бағыттардың iске асырылуы қомақты қаржының жұмсалуын талап етедi. Қаржы республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, тарифтiк төлемдерден, сыртқы несиелер мен гранттар және жеке инвестициялар есебiнен тартылмақ», - дедi Е.Нысынбаев.

Сондай –ақ, сумен қамтамасыз ету жүйесіне заманауи технологияларды енгізу жоспарлануда.

Қазіргі таңда шара жоспары мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен дайындады. Мемлекеттік органдарда келісімге келу жұмыстары жүргізіліп, Үкіметтің қарауына жіберілді. 


Back to the list