• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ҚОСРМ су үнемдеуді жылына 10 текше метрге дейін жеткізеді 19.04.2014

«Жақын арадағы перспективада Қазақстан су ресурстарынынң тапшылығын 2040 жылы байқалатын болып отыр, ол елу пайыз тапшылыққа әкелуі мүмкін. Оны болдырмау үшін бағдарлама бағытталған. Онда 2020 жылға дейінгі су тапшылығын  ауыл шаруашылық инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту мақсатында жүзеге асырылмақ. Тиімділікті арттыру үшін сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту қажет», -деді вице-министр.

«Оның iшiнде 5,4 трлн теңге республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнсе, қалған 2,8 трлн теңге бюджеттен тыс қаржыны құрамақ. 2020 жылға дейiн ресупбликалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру көлемдерi 1 трлн 400 млрд теңгеге жуық болмақ», - деп толықтырды ол.

Ол 2014-2040 жылдар аралығында қаржыландырудың бағаланып отырған есептiк мөлшерi 8,2 трлн теңгенi құрайтынын атап өттi.

«Мемлекеттiк бағдарлама ұсынған iс-шараларды iске асыру нәтижесiнде елiмiзде жылына 9,5 текше километр суды үнемделедi. Олардың алғашқы 2,6 текше километр су тарифтерiн өсiрмей, өзiн-өзi өтейтiн шараларды жүргiзу арқылы үнемделмек», - дедi Е.Нысанбаев

Айта кетейік, Мемлекет басшысының «Қазақстан -2050» Стратегиясы : Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  Жолдауында су ресурстарын басқарудың жаңа технологиясын құрастыруды тапсырған болатын. Стратегиялық мақсат, ҚР алдағы уақыттарда су үнемдеуді барынша қолданып сумен қамтамасыз ету. 


Back to the list