• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанадағы  Пагуош конференциясына  әлемнің  46 елі қатысады 24.08.2017

ҚР Парламенті Сенаты мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған жиынға әлемнің 46 елінен 200-ден аса делегат келеді.

Төрт күнге жалғасатын Пагуош конференциясы «Жаңа ядролық қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл» тақырыбында етеді. Шараның ашылуына ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Пагуош конференциясының Президенті Джаянта Данапала, БҰҰ-ның қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі Исуми Накамицу,  ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарты Ұйымның атқарушы хатшысы Лассина Зербо қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды.

«62-ші Пагуош конференциясының ядролық қауіпсіздік тақырыбындағы жиыны біздің елде өтетіні бекер емес. Халықаралық ұйым Қазақстанды суық қарудан бас тартқан, бейбітшілік пен татулықты ұстанған мемлекет ретінде мойындайды», - деді конференцияның жұмысына арналған баспасөз жиында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Сонымен қатар баспасөз жиынына қатысқан Пагуош конференциясының Президенті Джаянта Данапала ұйымның тарихы мен жұмысына тоқталды.

1957 жылы әлемде ядролық соғыстың қауіп-қатерлерін талқылаған ғалымдардың бірінші халықаралық кездесуі Канаданың Пагуош қаласында өткен. Аталған қаланың құрметіне аталған ұйым халықаралық статусқа ие.

Астанада өткізілетін Пагуош конференциясының нәтижесінде «Астана  декларациясы» қабылданады деп күтіледі.

 


Back to the list